Шымкенттік құтқарушылар білім күнінде балаларға ерекше сый әзірледі

0
90

Онда «Отпен ойнама!», «Сіріңке – қауіпті!», «Өрт кезінде 112-ге хабарлас!», «Терезе алдына шықпа!», «Судан абай бол!» деген маңызды ескертулер жазылған.


Шымкенттік құтқарушылар білім күнінде балаларға ерекше сый әзірледі

Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің бастамасымен балаларға қауіпсіздік ережелерін анық әрі қызықты түсіндіруге арналған ерекше профилактикалық формат әзірленді.

Осы мақсатта таяқшалы кәмпиттер дайындалып, әр тәттінің ішіне қауіпсіздік ережелері жазылған шағын ескерту бейнеленді. Онда «Отпен ойнама!», «Сіріңке – қауіпті!», «Өрт кезінде 112-ге хабарлас!», «Терезе алдына шықпа!», «Судан абай бол!» деген маңызды ескертулер жазылған.
Тәттілер Білім күніне орай арнайы дайындалып, 1 қыркүйекте балаларға табысталды. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналарға қаптамасында қауіпсіздік ережелері бейнеленген және маңызды ескертулер жазылған ауыз су ұсынылды.
Ерекше формат оқушылар мен ата-аналардың қызығушылығын тудырды. Осындай тосынсылар кейде маңызды ережені есте сақтауға себеп болады.
Бөлісу