ШЫМКЕНТТІК ​«ҚАҒАН» ЭТНО-ФОЛЬКЛОР АНСАМБЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТА ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

0
105

Шымкенттік өнер шеберлері 28 елден келген өнерпаздар арасынан үздік шықты


ШЫМКЕНТТІК ​«ҚАҒАН» ЭТНО-ФОЛЬКЛОР АНСАМБЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТА ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Өзбекстан Республикасының Наманган қаласында өтіп жатқан «ІІІ Халықаралық Мақом өнері» конкурсында шымкенттік өнерпаздар жоғары кәсіби шеберлік танытып, айтулы жетістікке қол жеткізді.

Дүбірлі өнер додасында еліміздің намысын қорғаған «Шымкент концерт» ұйымының «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі және дәстүрлі әнші Оразәлі Жаңабаев жүлделі ІІ орынды иеленді.
Халықаралық сахнада белгілі дәстүрлі әнші Оразәлі Жаңабаевпен бірге өнер көрсеткен «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың ұлттық болмысы мен бай мәдени мұрасын әуезді әуенмен өрнектеп, жиналған қауымды тәнті етті.
Ұлттық аспаптардың құдіретті үнімен өзбек ағайынның ыстық ықыласына бөленген шымкенттік өнер шеберлері осылайша 28 елден келген өнерпаздар арасынан озық шығып, қазақтың төл өнерінің мәртебесін тағы бір рет асқақтатып отыр.
Бөлісу