Шымкенттік белсенді зейнеткерлер ұлттық мұраны ұлықтады

0
86

«Домбыра» монументінің алдында қазақтың қасиетті қара домбырасын насихаттап, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді.


Шымкенттік белсенді зейнеткерлер ұлттық мұраны ұлықтады

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкентте Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған тағылымды іс-шараға қатысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты орталықтың белсенді қызмет алушылары «Домбыра» монументінің алдында қазақтың қасиетті қара домбырасын насихаттап, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді. Іс-шараның шарықтау шегінде қатысушылар күйші-композитор Әли Күлшебаевтың ел рухын асқақтататын «Қолбасшы» күйін бірлесіп орындады.
Домбыра үнімен көмкерілген мерекелік кездесу ұлттық өнерді дәріптеп қана қоймай, аға буынның өнегелі өмір жолын, олардың мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы белсенді рөлін айқындай түсті.
Айта кету керек, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және мәдени-рухани іс-шараларға қатысуына тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
Бөлісу