Шымкенттегі диагностикалық орталық ғимараты жаңаруда

0
100

Ғимаратты реконструкциялау барысында барлық медициналық кабинет заманауи медициналық жабдықтармен және отандық өндірістің жиһаздарымен қамтамасыз етіледі.


Шымкенттегі диагностикалық орталық ғимараты жаңаруда

Шымкент қалалық диагностикалық орталық ғимараты заманауи талаптарға сай болып, қайта жаңарады.

Ғимаратты кеңейте отырып реконструкциялау ақпан айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмысының жартысынан астамы орындалған.

Барлық жұмыс аяқталған соң төрт қабатты ғимарат бір жұмыс ауысымында 950 адамды қабылдай алады.
Бірінші қабатында эпидемиолог, жұқпалы аурулар дәрігерлері, бас дәрігердің орынбасарының кабинеттері, қызметкерлерге арналған буфет, санитарлық және тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Екінші қабатта балаларға қызмет көрсететін бейінді мамандардың кабинеттері орналастырылған (балалар жұқпалы аурулар дәрігері, невропатолог, кардиоревматолог, гастроэнтеролог, педиатр) орналасқан. Сондай-ақ, бұл қабатта Ана мен бала бөлмесі және санитарлық-тұрмыстық бөлмелер бар.
Үшінші қабатында диагностикалық кабинеттер – ультрадыбыстық зерттеу кабинеті және педиатр кабинеті, ординаторлық бөлме, қосалқы және қызметтік бөлмелер орналасқан.
Төртінші қабатта кеңесші дәрігерлердің кабинеттері, қосалқы және қызметтік бөлмелер қарастырылған.
Ғимаратты реконструкциялау барысында барлық медициналық кабинет заманауи медициналық жабдықтармен және отандық өндірістің жиһаздарымен қамтамасыз етіледі.
Нысандағы жұмысты қазан айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Бөлісу