Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0
84

Соңғы үш жылда қалада 1 500 шақырымнан астам автомобиль жолы жөндеуден өтті.


Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалардың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Соңғы үш жылда қалада 1 500 шақырымнан астам автомобиль жолы жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жолдардың өткізу қабілетін жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Осы кезеңде қалада екі ірі жолайрық пайдалануға беріліп, П.Момынов көшесіндегі теміржол өткелі іске қосылды. Жаңа инфрақұрылымдық нысандар көлік ағынын оңтайландырып, жолдағы кептелісті азайтуға мүмкіндік берді.
Биыл қаладағы маңызды жол жобаларының бірі – Бәйдібек би даңғылы мен Қ.Төлеметов көшесінің қиылысындағы жолайрықтың, сондай-ақ К.Тіленшин көшесіндегі теміржол өткелінің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге және Шымкенттің көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Бөлісу