ШЫМКЕНТТЕ ​ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

0
124

Көлемі ипотека сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.


ШЫМКЕНТТЕ ​ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкентте тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау 2026 жылдың 29 маусымынан басталады.

Сертификат азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несиеге баспана алу кезінде ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз беріледі. Оның көлемі ипотека сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Басты шарты – өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасының әр мүшесінің соңғы 6 айдағы орташа табысы ағымдағы қаржы жылына заңда белгіленген айлық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспауы тиіс. 2026 жылға бұл көрсеткіш 50 851 теңге х 3,1 = 157 638 теңгені құрайды.
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) І және ІІ топ мүгедектігі бар адамдар;
5) ерекше балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (жалғызбасты ер адамдар);
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» мапараттарын немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған.
Бөлісу