Шымкентте «Таза өмір – сенің таңдауың» атты кеш өтті

0
82


Шымкентте «Таза өмір – сенің таңдауың» атты кеш өтті

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өмір – сенің таңдауың» атты мерекелік кеш өтті.

Аталған іс-шара барысында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткізілген нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы шығарылды.

Айлық аясында жастар арасында есірткі, лудомания, буллинг секілді зиянды әдеттердің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында: танымдық кездесулер, тақырыптық тренингтер, көрмелер, флешмобтар мен акциялар бар.
Қорытынды кеште Шымкент қаласының Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қолдауымен ақпараттық көрмелер көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов және қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова қатысушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтіп, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, айлық шеңберінде белсенділік танытқан еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.
Кеш соңында қатысушылар арасында «Quiz» форматындағы интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бөлісу