​Шымкентте Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0
112

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


​Шымкентте Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласының полиция департаментінде жас қызметкерлерге өздерінің мол тәжірибесі мен қызметтік дәстүрлерін дәріптеп келе жатқан ішкі істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен кезекті Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті.

Жиын барысында Кеңестің атқарған жұмыстары қорытындыланып, тәлімгерлік институтын жетілдіру, жас қызметкерлерді тәрбиелеу, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәлімгерлік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында Қазақстан полициясы күніне орай жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі мен тәлімгерлік қызметтегі белсенділігі үшін тәлімгерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бөлісу