Интернет кеңістігінде де заң талаптары сақталуы тиіс.
көрнекілік сурет: ЖИ
Шымкент қаласында әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізу барысында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында құқық бұзушылық дерегі анықталып, соттың шешімімен азамат 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ескертеді: интернет кеңістігінде де заң талаптары сақталуы тиіс. Лақап ат немесе жасырын аккаунт пайдалану заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.


