​Шымкентте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

0
66

Алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспары айқындалып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.


​Шымкентте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс кездесуі өтті.

Жиынға құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында 2026 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындылары сараланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүзеге асырылған профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі талқыланды.
Сонымен қатар зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау, қауіп-қатердің алдын алу, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспары айқындалып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
Бөлісу