​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

0
130


​ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы – Қосбаев Ернар Тұрдалыұлы төмендегідей мәлімдеме жасады.

Шымкент қаласындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ерекше белсенділікпен жүргізілді. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті үш негізгі бағыт бойынша — бәсекелестікті бұзылу белгілерінің алдын алу, қорғау және дамыту бойынша нақты шаралар қабылдаған.
Алдын алу шаралары аясында департамент мамандары 5 тауар нарығы мен 25 мемлекеттік кәсіпорынға мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, 21 тауар нарығы мен жартысынан астамы мемлекеттік үлестегі 19 кәсіпорынға талдау жасалды. Бұл нарықтардың ішінде отын-энергетика кешеніне қатысты 14, байланыс саласына 2, ал қалған 5-і түрлі бағыттағы нарықтарды қамтыған.
Нарықтағы тәртіпті бұзған субъектілерге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сұйытылған мұнай газын үлестіру ісіндегі қайталанған заң бұзушылықтары анықталып, бұл дерек Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.
Сондай-ақ, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен бірқатар ұн өндіруші кәсіпорындардың заңға қайшы келісімшарттары мен баға келісімдері бойынша да тексерулер жүргізіліп, бірнеше серіктестікке айыппұл салынды. Олардың қатарында «Grain House-555», «Санжар» және «Pioneer Grain Products» ЖШС бар.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері анықталған тағы бір маңызды іс — «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалының 1755 тұтынушыға негізсіз қайта есептеу жүргізіп, артық төлемдер ұсынуы. Бұл мәселеге қатысты соттарда департаменттің пайдасына шешім шығарылып, іс қазіргі уақытта Жоғарғы сотта қаралуда.
Бөлісу