Шымкентте ​МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру жалғасуда

0
45


Шымкентте ​МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру жалғасуда

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды арттыру, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жарналарды уақтылы төлеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары мен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында МӘМС жүйесіндегі сақтандырылмаған азаматтардың санын азайту, олардың сақтандыру мәртебесін қалпына келтіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің міндетті жарналар мен аударымдарды уақытылы төлеу мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда қалада халық саны 1 304 060 адамды құрайды. Оның ішінде 1 091 556 адам (83,8%) МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Қалған 212 мыңнан астам азамат сақтандырылмаған. Оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде жұмыс істейтін – 24 583 адам; 15 311 жеке кәсіпкер және 48 640 жалдамалы қызметкер жүйеден тыс қалып қойған.
Кездесуде аталған санаттар бойынша жарналар мен аударымдардың төлену тәртібін түсіндіру, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер арасында ақпараттық жұмысты күшейту және сақтандыру мәртебесін қалпына келтіруге ықпал ету мәселелеріне назар аударылды.
Мамандардың айтуынша, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесінің болуы азаматтарға медициналық көмектің кеңейтілген спектрін алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарымен бірлескен жұмыстарды жалғастыру маңызды.
Бөлісу