Соңғы жылдары 4 686 көшеге жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылып, қаланың негізгі көшелері толықтай жарықпен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалардың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Шымкентте көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Соның бірі – көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңарту.
Соңғы жылдары қалада көшелерді сапалы жарықтандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Егер 2023 жылға дейін Шымкенттегі 6 882 көшенің тек 2 196-сы ғана жарықтандырылып, қамту деңгейі 30 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш айтарлықтай артты.
Атап айтқанда, соңғы жылдары 4 686 көшеге жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылып, қаланың негізгі көшелері толықтай жарықпен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде негізгі көшелердің жарықтандырылу деңгейі 100 пайызға жетті.
Жарықтандыру желілерін жаңғырту тұрғындардың қауіпсіздігін арттырумен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік инфрақұрылымының сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Шымкентте инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кезең-кезеңімен жалғасады.


