Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

0
91

235-ші бүйрек трансплантациясы


Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

Шымкент қаласында №1 қалалық клиникалық аурухананың трансплантолог-дәрігерлері тірі донордан жасалған кезекті – 235-ші бүйрек трансплантациясын сәтті аяқтады.

1982 жылғы азаматша өзінің туған сіңілісімен (рецепиент, 1983 ж.т.) бүйрегін бөлісті. Науқас 2022 жылдан бері созылмалы терминальді бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен ауырған. Ол нефрологтың бақылауында болып, 2024 жылдан бастап бағдарламалық гемодиализден өтіп келген.

Сәтті отадан кейін донор мен рецепиент жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Қазір екеуі де хирургия бөліміне ауыстырылған. Екі пациенттің де жағдайы тұрақты.
Бөлісу