Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы Ашық есік күніне белсенді қатысуға шақырады.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28 маусым күні Шымкент қаласының барлық емханаларында қарт адамдарға арналған Ашық есік күні өтеді.
28 маусым күні сағат 08:00–15:00 аралығында 60 жастан асқан азаматтар өзі тіркелген емханаларда терапевт, ЛОР, офтальмолог, онколог, стоматолог дәрігерлерден тегін кеңес алады.
Сонымен қатар:
*Қан қысымы мен қант деңгейін өлшету
* Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу
* Психологпен және әлеуметтік қызметкерлермен кездесу
* Созылмалы ауруларды басқару бағдарламалары туралы мәлімет ала алады.
Бұл бастама қарттардың өмір сүру сапасын жақсартуға, денсаулығын сақтауға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын, әсіресе зейнеткерлерді, «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша өздерінің тіркелген емханағасына келіп, осы Ашық есік күніне белсенді қатысуға шақырады.