Шымкентте қала әкімі жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандардағы жобалардың жүзеге асу барысын тексерді

0
99

Аралау барысында Полиция департаменті әкімшілік ғимаратының қосымша корпусының құрылысы да зерделенді.


Шымкентте қала әкімі жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандардағы жобалардың жүзеге асу барысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Отбасы банк» АҚ-тың «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында баспаналы болған 30 отбасыға пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты.

Жаңа пәтер иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар және бюджет саласының қызметкерлері бар.

Сонымен қатар қала әкімі жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Атап айтқанда, Тіленшин көшесіндегі автожол өткелі мен Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы тексерілді. Стратегиялық маңызы бар нысандардағы құрылыс қарқынын жеделдету бойынша мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ Шұбаркөл көшесінің құрылысы және Юсупов көшесін салу жобасы аясында мемлекеттік мұқтаждық үшін алынған тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарының барысы қаралды. Бұл жобалар іргелес көшелердегі көлік жүктемесін азайтып, ауданның көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек Тұран және Әл-Фараби аудандарындағы «А-2» айналма жолын қайта жаңғыртудың V кезеңі мен Қонаев даңғылының жалғасын салудың V кезеңіндегі жұмыстар бақылауға алынды. Жобалардың уақытылы әрі сапалы аяқталуы қаланың жол желісін дамытуға және көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Аралау барысында Полиция департаменті әкімшілік ғимаратының қосымша корпусының құрылысы да зерделенді. Жаңа нысан ведомствоның инфрақұрылымдық әлеуетін кеңейтіп, құрылымдық бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу