Шымкентте «ИММУНДЫҚ ПАТРУЛЬ» жобасы аясында 90-нан астам мұғалім оқытылды

0
75

«Иммундық патруль» платформасы балалар мен ата-аналарға вакцинацияның маңызын және иммунитеттің қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіруде қосымша білім беру құралы ретінде қолданылады.


Шымкентте «ИММУНДЫҚ ПАТРУЛЬ» жобасы аясында 90-нан астам мұғалім оқытылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау және Білім басқармаларының бірлесуімен «Иммундық патруль» жобасы аясында 90-нан астам педагогке иммундау және вакцинация мәселелері бойынша оқыту өткізілді.

Тренинг барысында биология, жаратылыстану және денсаулық бағытындағы пән мұғалімдері цифрлық платформаның интерактивті ойындары, тапсырмалары мен симуляцияларын оқу процесінде қолдану тәсілдерін меңгерді.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен «Салауатты қалалар» бастамасы аясында аурулардың алдын алу және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Оның негізгі бағыттарының бірі – Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация жүргізу.
«Иммундық патруль» платформасы балалар мен ата-аналарға вакцинацияның маңызын және иммунитеттің қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіруде қосымша білім беру құралы ретінде қолданылады.
Вакцинациямен жоғары қамтуды қамтамасыз ету – ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудың маңызды тетігі.
Бөлісу