Көп қабатты үйлер Қайтпас-1 шағынауданында орналасқан.
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға қала әкімі қатысып, қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады, әрбір отбасына амандық, бақ-береке және шаңырақтарына құт-береке тіледі.
Көп қабатты үйлер Қайтпас-1 шағынауданында орналасқан. Олар қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкес салынып, барлық қажет инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.
Баспана иелері – тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар. Олардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, толық емес отбасылар мен зейнеткерлер бар.
Айта кету керек, Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасатын болады.


