ШЫМКЕНТТЕ 24 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

0
102

Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосқан


ШЫМКЕНТТЕ 24 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҮШЕМДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

Шымкентте үшемдер дүниеге келді. 24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза өзінің алғашқы жүктілігінде екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелді.

Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылып, бастапқыда жағдайлары ауыр болған. Олар біраз уақыт аппараттың көмегімен тыныс алып, жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды.

Дегенмен, білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосып, ана сүтімен қоректене бастады. Қазір анасы мен үшемдердің жағдайы жақсы.
Айта кетерлігі, Шымкент қаласында туу көрсеткіші артып келеді. 2025 жылдың басынан бері 12 648 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 149 егіз және үш үшем тіркелген. Бұл – отбасылар мен қала тұрғындары үшін зор қуаныш пен үміттің белгісі.
Бөлісу