ШЫМКЕНТ: жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау 1 шілдеден басталады

0
68

Кәсіптік оқу кезеңінде қатысушыларға ай сайын 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.


ШЫМКЕНТ: жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау 1 шілдеден басталады

Шымкент қаласында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыссыз азаматтарды білім беру ұйымдарына кәсіптік оқуға жолдау басталады.

Биыл қалада 610 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқумен қамту жоспарланған. Осы уақытқа дейін 420 азамат кәсіптік оқуға жолданса, өңірлік комиссияның шешімімен қосымша 190 орын бекітіліп, жаңа лекке қабылдау басталады.

Жуырда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия жұмыссыз азаматтарды оқытуға ниетті білім беру ұйымдарының өтінімдерін қарап, қосымша 190 оқу орнын бекітті.
Кәсіптік оқуға жолдама алу үшін алдымен жұмыс іздеуші азамат жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Жұмыссыз мәртебесін алған азаматтар мансап орталығына жүгініп, өз қалауы бойынша білім беру ұйымы мен мамандықты таңдап, оқуға жолдама ала алады.
Қосымша бөлінген орындар төмендегі мамандықтар бойынша қарастырылған:
Тігінші – 35 орын, бухгалтер-кассир – 10 орын, аспаз – 15 орын, кондитер – 10 орын, тәрбиешінің көмекшісі – 5 орын, визажист – 15 орын, шаштараз-стилист – 20 орын, электрондық есептеу машиналарының операторы – 10 орын және тоқу машинасының операторы – 70 орын.
Кәсіптік оқуға жолдама алу үшін жұмыссыз мәртебесі, жеке куәлік, шәкіртақы аударуға арналған банк есепшотының деректемелері, №075 нысанындағы медициналық анықтама, білімі туралы құжат (бар болған жағдайда).
Оқу мерзімі – 3 ай; 1 ай теориялық, 2 ай өндірістік тәжірибе ретінде ұйымдастырылады.
Кәсіптік оқу кезеңінде қатысушыларға ай сайын 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Оқуды сәтті аяқтаған азаматтарға белгіленген үлгідегі сертификат табысталады. Бұл сертификат олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат пен кәсіптік оқуға жолдама алу мәселелері бойынша тұрғындар төмендегі аудандық мансап орталықтарына жүгіне алады:
Абай және Тұран аудандарының мансап орталығы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
Еңбекші ауданының мансап орталығы – Астана шағынауданы, 106.
Бөлісу