ШЫМКЕНТ: Жәнібеков университетінің 91 студенті қала әкімінің грантына ие болды

0
59

Қала әкімінің гранты – жастардың сапалы білім алуына және болашақ мамандығын игеруіне көрсетіліп отырған нақты қолдаудың бірі.


ШЫМКЕНТ: Жәнібеков университетінің 91 студенті қала әкімінің грантына ие болды

Шымкентте Білім күніне орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне қала әкімінің білім гранттары табысталды.

Салтанатты шара «Қызғалдақ сарайында» өтті.

Биыл университетке білім беру бағдарламаларының барлық деңгейі бойынша 3 020 талапкер қабылданды. Оның ішінде бакалавриатқа түскен 2 439 жастың 529-ы мемлекеттік грантқа, 91-і Шымкент қаласы әкімінің грантына ие болды.
Қала әкімінің гранты – жастардың сапалы білім алуына және болашақ мамандығын игеруіне көрсетіліп отырған нақты қолдаудың бірі. Әсіресе педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлау – білім саласының тұрақты дамуы үшін маңызды.
«Қызғалдақ сарайында» өткен салтанатты жиында Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының басшысы Ә. Әбдәкімов студенттерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Жиын барысында жастарға университет қабырғасында сапалы білім алумен қатар, ғылыммен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға, волонтерлікке, спорт пен шығармашылыққа белсенді араласуға шақыру айтылды.
Қазіргі заманда кәсіби біліммен қатар, шет тілдерін және цифрлық технологияларды меңгеру, еңбекқорлық пен жауапкершілікті қалыптастыру маңызды. Студенттік кезең – білім мен тәжірибе жинақтап, жеке тұлға ретінде қалыптасуға мол мүмкіндік беретін уақыт.
Шымкент – жастардың білім алып, кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінетін қала. Осы бағытта жастарға сапалы білім алуға мүмкіндік жасау және олардың әлеуетін дамытуға қолдау көрсету – қала әкімдігінің басым бағыттарының бірі.
Биыл қала әкімінің грантына ие болған 91 жас үшін бұл – үлкен мүмкіндік әрі жауапкершілік. Жастардың алдағы уақытта таңдаған мамандығын терең меңгеріп, алған білімін ел игілігіне жұмсауы маңызды.
Бөлісу