ШЫМКЕНТ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мәдени-ағартушылық платформаның тұсаукесері өтті

0
144


ШЫМКЕНТ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мәдени-ағартушылық платформаның тұсаукесері өтті

Шымкент қаласында «Әділ қоғам» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени-ағартушылық бағыттағы жаңа платформаның таныстырылымы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері (Zoom арқылы), қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар қатысты.

Жаңа бастама заңдық шаралармен қатар, қоғамның рухани-адамгершілік санасын жаңғыртуға бағытталған. Жобаны Агенттік, Мәдениет және ақпарат министрлігі және ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесіп жүзеге асыруда.
Іс-шара барысында қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев жемқорлықпен күресте ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың маңызын атап өтті. Жоба жетекшісі Анар Жаппарқұлова халық ауыз әдебиеті мен мәдени мұраны тиімді құрал ретінде қолдану қажеттігін айтты.
Платформа адалдық, әділеттілік және азаматтық белсенділік қағидаттарын дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ, жастарды тәрбиелеу, ұлттық сана мен жауапкершілікті арттыру — негізгі мақсаттардың бірі.
Қорытындысында қатысушылар әділ қоғам құру жолында рухани иммунитет қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті.
Бөлісу