Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 25 маусым «Кселл» АҚ (Kcell және activ брендтері) Түркістан облысында ұялы байланысты жақсарту жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлайды. Бұған негізгі себеп -барлық қажетті рұқсаттар мен санитарлық талаптарға сәйкес сараптамалар болғанына қарамастан, тұрғындардың базалық станцияларды орнатуға наразылығы.
Шымкент қаласында бірқатар нысандарда инфрақұрылым іске қосуға дайын: жабдық дайындау, орынмен келісу, сараптама жүргізу жұмыстары аяқталған. Алайда радиофобия салдарынан базалық станцияларды іске қосу мүмкін болмай отыр. Бұл жағдай байланыс сапасына тікелей әсер етуде. Компания өкілдері жергілікті билік органдарымен және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Барлық электр тұрмыстық құрылғылар электромагниттік өріс бөлетініне қарамастан бүкіл әлемде телекоммуникациялық инфрақұрылым жиі қоғамдық қарсылыққа тап болады. Мысалы, микротолқынды пеш «ең жоғары қуатта» жұмыс істегенде 30–40 мкВт/см² дейін сәулелену шығарады. Ал Шымкент қаласындағы Солтүстік шағын ауданында орналасқан базалық станцияның өлшеу нәтижелері 4–5 мкВт/см² көрсетті, бұл рұқсат етілген 10 мкВт/см² деңгейінен төмен. Біз қарама-қайшы жағдайды байқап отырмыз: тұрғындар тұрақты әрі жоғары жылдамдықты интернет талап етеді, бірақ жабдық орнатуға мүмкіндік бермейді», - деп түсіндірді «Кселл» АҚ корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Байрам Азизов.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы базалық станцияларға қойылатын талаптар қатаң реттелетінін атап өтті. Барлық нысандар пайдалануға берілгенге дейін электромагниттік сәулелену параметрлері бойынша міндетті түрде есептеулер мен тексерулерден өтеді. Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша әлемдегі ең қатаң елдердің қатарында, ал АҚШ пенЕуропа елдерінде бұл нормалар едәуір жоғары.


