ШЫМКЕНТ: оқу жылы қарсаңында мектеп маңындағы жол инфрақұрылымы жаңартылды

0
100

Қазіргі таңда бұл нұсқамалардың негізінде мектептердің алдындағы жаяу жүргінші жолақтары толықтай жаңартылып, жол белгілерін жауып қалған ағаш бұталарын кесу жұмыстары жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: оқу жылы қарсаңында мектеп маңындағы жол инфрақұрылымы жаңартылды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласында жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар атқарылуда. Полиция департаментінің бастамасымен қаладағы барлық мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар мен балабақша алдындағы жолдар зерделеніп, жол қозғалысының қауіпсіздігі тексерілді.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі – Жүзжасаров Асқар Тұрдалыұлы тарқатып айтып берді.

Спикердің айтуынша, Шымкенттегі 162 мемлекеттік мектептің алдындағы жаяу жүргінші өткелдеріндегі жолақтар мен жол таңбаларының жағдайы қаралып, тиісті жол белгілері мен техникалық құралдардың түгелдігіне ерекше назар аударылды. Биылғы жылы қолданысқа берілген жаңа мектептердің маңындағы жол инфрақұрылымы да бақылаудан өтті. Әсіресе жаяу жүргінші өткелдерінің алдында орнатылуы тиіс негізгі жол белгілері бойынша (5.16.1, 5.16.2 – жаяу жүргіншілер өткелі, 1.21 – балалар, 3.24 – жылдамдықты шектеу, 1.16.1 – жасанды бұдырлық) Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нақты нұсқамалар берілді.

Қазіргі таңда бұл нұсқамалардың негізінде мектептердің алдындағы жаяу жүргінші жолақтары толықтай жаңартылып, жол белгілерін жауып қалған ағаш бұталарын кесу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан күнделікті жүзеге асырылып келеді.
Бөлісу