ШЫМКЕНТ: Мол жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

0
49

Жұмыстар үздіксіз режимде ұйымдастырылған.


ШЫМКЕНТ: Мол жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Шымкент қаласында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қала көшелеріне арнайы техника мен жұмысшы бригадалары жұмылдырылған. Олар жиналған жаңбыр суын сорып алып, су қабылдау торларын, арық жүйелері мен су бұру каналдарын тазалауда. Әсіресе, нөсер жауын салдарынан уақытша су жиналуы мүмкін аумақтарға ерекше назар аударылуда.
Айта кетейік, нөсер жауын кезінде кейбір учаскелерде жаңбыр суының уақытша жиналуы – табиғи құбылыс. Жауын-шашынға қарай коммуналдық қызметтер жиналған суды жедел сорып, тиісті жұмыстарды атқаруда.
Жұмыстар үздіксіз режимде ұйымдастырылған. Мәселе туындаған учаскелерді аралау және қызмет көрсету жұмыстары шамамен әр 15 минут сайын қайталанып отырады. Су жиналған аумақтарды тазарту үшін қосымша күштер мен арнайы техника жұмылдырылуда.
Тиісті қызметтер жұмыс барысын үйлестіріп, тұрғындардан келіп түскен өтініштерге жедел әрекет етуде. Негізгі мақсат – жаңбыр суын уақтылы бұру, су басудың алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бөлісу