ШЫМКЕНТ: ​Киберполицейлер тұрғындарға интернет-алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді

0
92

Полицейлер алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолдарын жіті түсіндірді


ШЫМКЕНТ: ​Киберполицейлер тұрғындарға интернет-алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді

Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында профилактикалық акция өткізіп, тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында полицейлер алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндіріп, бөгде адамдарға SMS арқылы келген растау кодтарын, банк картасының деректерін жарияламаудың және күмәнді сілтемелерге өтпеудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстыратын алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға шақырды.
Акция барысында тұрғындарға цифрлық қауіпсіздік қағидалары мен жеке деректерді қорғау, қаржыны сақтап қалу бойынша пайдалы кеңестер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Бөлісу