​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЫСТЫҚ КҮНДЕРІ ЖАНУАРЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУҒА ШАҚЫРАДЫ

0
65

Сондықтан оларға түсіністікпен қарап, мүмкіндік болса, жақын жерге су құйылған ыдыс қоюды сұраймыз.


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЫСТЫҚ КҮНДЕРІ ЖАНУАРЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жаздың аптап ыстығында тек адамдар ғана емес, жануарлар да зардап шегетіні белгілі. Олардың көбісі ыстық күн мен судың жетіспеуінен қиналады.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырады. Егер үйіңіздің, жұмыс орныңыздың немесе демалыс аймағыңыздың маңында үй жануарлары жүрсе, мүмкіндігінше қауіпсіз жерге ыдысқа су құйып қойыңыз.
Мұндай қарапайым әрекеттің өзі олардың аптап ыстықты жеңіл өткеруіне көмектеседі.
Сондай-ақ, бұл үндеу кафе, мейрамхана, дүкен және өзге де бизнес нысандарының иелеріне арналады. Ыстық күндері жануарлар ғимараттардың маңынан сая іздейді. Сондықтан оларға түсіністікпен қарап, мүмкіндік болса, жақын жерге су құйылған ыдыс қоюды сұраймыз.
Табиғат пен жануарларға жанашырлық таныту – жауапты әрі мейірімді қоғам мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тіпті қарапайым қамқорлық пен ықыластың өзі аптап күндері жануарларды құтқарып қалуы мүмкін.
Бөлісу