ШЫМКЕНТ: қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

0
87


ШЫМКЕНТ: қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

19 маусымда Шымкент қаласындағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында Қала күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиын барысында әсем безендірілген саябаққа жиналған қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік көңіл-күйде түрлі мәдени-көпшілік шараларға куә болды. Бағдарлама аясында концерттік қойылымдар, балаларға арналған анимациялық көріністер, цирк өнері, сондай-ақ ән мен биден көріністер ұсынылды. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге арналып аниматорлар арнайы бағдарлама ұйымдастырып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шара барысында аудан басшылығы қала тұрғындарын Қала күнімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.
— Бүгінгі мерекелік жиынды Еңбекші ауданына қарасты 12-шағынауданда орналасқан Қазақстан-Түркия достығы саябағында өткізіп отырмыз. Қала күніне орай аудан көлемінде бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Іс-шараға қала тұрғындары, өнерпаздар, сондай-ақ қоғамдық белсенділер қатысты. Коммуналдық сала мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан он азамат аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, — деді Еңбекші ауданының әкімі Ерлан Күзенбаев.
Айта кетейік, Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар бір күнмен шектелмей, апта көлемінде жалғасын тапты. Шымкенттің әр аумағында, атап айтқанда саябақтарда, гүлзарлар мен скверлерде мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Еңбекші ауданындағы «Жеңіс» саябағында да бірнеше концерттік бағдарлама өткізіліп, тұрғындардың назарына ұсынылды.
Бөлісу