ШЫМКЕНТ: қала әкімі инфрақұрылымдық жобалар мен халықаралық спорттық турнирдің өту барысымен танысты

0
75

Тағы 30 отбасыға баспана кілтін табыстады


ШЫМКЕНТ: қала әкімі инфрақұрылымдық жобалар мен халықаралық спорттық турнирдің өту барысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында «Көрме» орталығында өткен жаңа пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бұл жолы тағы 30 отбасы баспаналы болды.

Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында берілді. Қала әкімі жаңа қоныс иелерін қуанышты сәтімен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және молшылық тіледі.
Сонымен қатар қала әкімі Тіленшин көшесі бойындағы теміржол үстінен өтетін автожол өткелінің құрылысымен және Тұран шағынауданындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қаратау ауданында Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы, сондай-ақ А-2 айналма автожолын реконструкциялаудың V кезеңі мен Қонаев даңғылының жалғасын салудың V кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тексерілді.
Нысандарды аралау қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдетіп, бекітілген жұмыс кестесін қатаң сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Аталған жобалардың уақытылы аяқталуы қаланың көше-жол желісін дамытуға және көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қаланы аралау Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен «XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level» халықаралық жеңіл атлетика турнирінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысумен аяқталды.
Ғұсман Қосановтың рухына арналған дәстүрлі халықаралық турнир 2021 жылдан бері «World Athletics Continental Tour Bronze Level» сериясының құрамына еніп, спортшыларға халықаралық рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беріп келеді.
Биылғы жарысқа 12 мемлекеттен келген 250-ге жуық спортшы қатысып, 27 жеке бағдарлама мен 4 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынауда. Қала әкімі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, олардың жоғары нәтижелер көрсетуіне тілектестік білдірді.
Бөлісу