ШЫМКЕНТ: қала әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жұмыстардың барысын тексерді

0
77

Қала әкімі мердігер ұйымға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, нысанды сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес пайдалануға әзірлеуді тапсырды.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жұмыстардың барысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Қайтпас-1 шағынауданында 30 жаңа жалдамалы пәтердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Қала әкімі жаңа қоныс иелерін қоныс тойымен құттықтап, әрбір отбасыға амандық, бақ-береке және шаңырақтарына шаттық тіледі.
Сонымен қатар Абай және Еңбекші аудандарындағы №106 және №96 жалпы білім беретін мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Жаңғырту жұмыстары оқушылар үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Құрылыс басқармасына жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстап, оларды жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтау тапсырылды.
Қала әкімі Жаңаталап шағынауданында салынып жатқан төтенше жағдайлар қызметтеріне арналған әмбебап кешеннің құрылысымен де танысты. Жоба шұғыл қызметтердің тиімділігін арттырып, тұрғындарға жедел көмек көрсету мүмкіндігін күшейтуге бағытталған. Жауапты тұлғаларға құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап, нысанды уақытылы пайдалануға беру тапсырылды.
Бұдан бөлек Әл-Фараби ауданының Ерманов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер ауласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында салынып жатқан кешенді спорт және балалар ойын алаңының құрылысы тексерілді.
Жоба тұрғындардың белсенді демалысына және бұқаралық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қала әкімі мердігер ұйымға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, нысанды сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес пайдалануға әзірлеуді тапсырды.
Бөлісу