ШЫМКЕНТ: әлеуметтік бейімдеу орталығында кітап оқу мәдениеті қалыптасып келеді

0
155


ШЫМКЕНТ: әлеуметтік бейімдеу орталығында кітап оқу мәдениеті қалыптасып келеді

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығында» қызмет алушылар үшін кітапхана жұмысымен таныстыру, кітап оқу әдебі және тақырыптық бағыт таңдау бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылып келеді.

Орталықтың шағын кітапханасында қазіргі таңда мыңға жуық кітап бар. Бұл қорда қазақ және орыс әдебиеттерімен қатар, шетел классиктерінің туындылары да қамтылған.
Қазіргі таңда орталықта 142 қызмет алушы болса, күнделікті 10 қызмет алушы кітапханаға келіп, бос уақытын тиімді өткізеді. Мұнда жүргізілетін жұмыстардың басты мақсаты – қызмет алушылардың рухани-мәдени деңгейін көтеру, бос уақытты тиімді өткізуге баулу.
Кітапхана жұмыс күндері есігін ашып, қызмет алушыларға жан дүниесін байытуға және тынығуға мүмкіндік береді.
Бүгінде мекеме қаламыздағы бірнеше кітапханамен бірлесе отырып, кітап қорын толықтыру бағытында келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл бастама алдағы уақытта орталықтағы әдеби қордың аясын кеңейтіп, оқырман санын арттыруға сеп болмақ.
Орталық ұжымы рухани дамуға бағытталған бұл жобаны алдағы уақытта жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Бөлісу