​ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

0
92

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 45 отбасы татуласып, некелерін сақтап қалды. Туыстар арасындағы бірқатар жанжал да өзара келісім арқылы шешімін тапты.


​ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам алдындағы маңызды міндет.

Зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға қауіпсіздікпен қатар психологиялық, заңгерлік, әлеуметтік және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Тікелей қауіп төнген жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажет. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін 111 байланыс орталығы отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты өтініштерді қабылдап, тиісті қызметтерге бағыттайды.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Отбасын қолдау» орталығы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мобильдік топтар арқылы 284 адам анықталып, оларға түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 79 адам психологиялық көмек алды, 57 азаматқа заңгерлік кеңес берілді, 37 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды. 16 азаматша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесіне орналастырылды. Сонымен қатар 95 адаммен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 45 отбасы татуласып, некелерін сақтап қалды. Туыстар арасындағы бірқатар жанжал да өзара келісім арқылы шешімін тапты.
Орталық 2025 жылғы тамыз айынан бастап «111» отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау желісімен бірлесіп жұмыс істейді. 2026 жылдың басынан бері орталыққа 385 азамат туралы ақпарат түсіп, 442 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 194-і – психологиялық, 126-сы – заңгерлік, 68-і – әлеуметтік көмек. 54 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 48 отбасының тұрғылықты мекенжайына мобильдік топтар барды.
Бұл жұмыстардың барлығы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бөлісу