​КӨП ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН КӘСІБИ НЕОНАТОЛОГ

0
221

Қазіргі таңда Бибігүл Сансызбайқызы бөлімшедегі жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Ол үшін кешенді жоспар құрып, оны жүйелі түрде жүзеге асыруда.


​КӨП ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН КӘСІБИ НЕОНАТОЛОГ

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет етіп келе жатқан білікті мамандардың бірі – нәрестелер реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-неонатолог Дүйсенбаева Бибігүл Сансызбайқызы. Ол медицина саласында 25 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек етіп, талай сәбидің өмірін аман сақтап қалуға зор үлес қосып келеді.

Өзінің кәсіби жолында Бибігүл Сансызбайқызы іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және жоғары деңгейдегі кәсібилігімен ерекшеленді. Ұжым арасында үлкен беделге ие болған ол әріптестерінің сеніміне лайық, науқастардың алғысына бөленген тәжірибелі маман. Жауапкершілігі мол дәрігер медициналық этика қағидаларын әрқашан қатаң сақтайды, әрбір жұмысын мұқият әрі сапалы атқарады. Ол пациенттер мен олардың туыстарының өтініш-тілектеріне әрдайым жылы шыраймен қарап, сауатты кеңестер беріп, кәсіби тұрғыдан қолдау көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда Бибігүл Сансызбайқызы бөлімшедегі жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Ол үшін кешенді жоспар құрып, оны жүйелі түрде жүзеге асыруда. Заманауи медицинаның жаңа технологияларын емдеу-диагностикалық процеске енгізіп, жас қызметкерлерге бағыт-бағдар беруде. Осындай тәлімгерлік еңбегінің арқасында талай жас маман тәжірибе жинақтап, кәсіби тұрғыда шыңдалуда. Сонымен қатар, ол ұжымда қолайлы психологиялық ахуал орнатып, әріптестерінің бір-біріне сеніммен қарауына ықпал етіп келеді.

Көп жылғы адал еңбегі мен медицина саласына қосқан сүбелі үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол 2011 жылы Түркістан облысы әкімінің шешімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталса, 2024 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды. Бұл – оның еңбегінің ел көлемінде мойындалғанының айқын дәлелі.

Дүйсенбаева Бибігүл Сансызбайқызы – кәсібіне адалдығымен, жоғары мәдениеттілігімен, білімі мен тәжірибесін үздіксіз жетілдіруімен ерекшеленетін, медицина саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан абыройлы дәрігер. Ол – ұжымына үлгі, жас мамандарға ұстаз, науқастарға үміт сыйлаған мейірімді жан.

Бөлісу