Қоғамдық қауіпсіздік: ​Шымкентте 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылды

0
81

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қылмыстың алдын алып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Қоғамдық қауіпсіздік: ​Шымкентте 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылды

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қала аумағында бейнебақылау жүйесін кеңейту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
Жыл басынан бері мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 3027 ұсыныс жолданып, оның 2652-сі бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Нәтижесінде қала аумағында 219 бейнебақылау камерасы, 10 жарықтандыру шамы және 5 дабыл беру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында белгілі спортшылардың қатысуымен құқықтық тәрбиеге бағытталған кездесулер ұйымдастырылды.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қылмыстың алдын алып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бөлісу