​ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ: Шымкентте AIQYN жүйесі білім беру ұйымдарын бірыңғай цифрлық ортаға біріктірді​

0
56

Жүйеде «Дүрбелең түймесі» де қарастырылған.


​ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ: Шымкентте AIQYN жүйесі білім беру ұйымдарын бірыңғай цифрлық ортаға біріктірді​

Шымкент қаласында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі, инфрақұрылымы және басқару процестерін бір цифрлық ортада бақылауға мүмкіндік беретін AIQYN кешенді цифрлық жүйесі әзірленді.

Алғаш рет Шымкентте әзірленген жүйенің қазіргі таңда еліміздің басқа өңірлерінде баламасы жоқ.

AIQYN бірнеше жүйені бір ортаға біріктіреді: SAPA инфрақұрылымды мониторингтеу жүйесі, бейнебақылау және интеллектуалды бейнеталдау, тамақтану мен кітапхана есебі, Sana кадрлық есеп және тарификация жүйесі, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі жүйесі.
Бүгінде жүйеге 12 мыңнан астам интеллектуалды бейнеталдауы бар камера қосылып, қаладағы 147 мектепті қамтып отыр. AIQYN агрессивті әрекет, бет-әлпет, қару, тыйым салынған аймақ және өрт қаупі сияқты жағдайларды нақты уақыт режимінде автоматты түрде анықтайды. Қауіп тіркелген жағдайда операторға нысан, мекенжайы, камера және оқиға уақыты көрсетілген хабарлама түседі.
Жүйеде «Дүрбелең түймесі» де қарастырылған. Ол арқылы білім беру ұйымының қызметкері төтенше жағдай туралы Жедел басқару орталығына тікелей хабарлай алады.
Сонымен қатар, AIQYN оқушылардың асханаға келуі мен тамақтануын нақты уақыт режимінде бақылауға, қызметкерлердің кадрлық деректері мен жүктемесін басқаруға және білім беру нысандарының инфрақұрылымын бірыңғай карта арқылы бақылауға мүмкіндік береді.
Жүйеге енгізілген AI-ассистент басшыларға ауқымды деректерді қолмен талдамай, қажет ақпаратты сұрау арқылы жылдам алуға мүмкіндік береді.
Жүйе жұмысының 9 айдағы нәтижесінде Шымкентте 10,2 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Бөлісу