Ғабит Сыздықбеков «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады

0
269

Бұл марапат – ел игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, жоғары кәсіби біліктілігі мен мемлекетке деген адалдығын танытқан азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі.


Ғабит Сыздықбеков «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысының атынан Шымкент қаласынан сайланып, Парламенттің әр шақырылымында депутат болған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, қалалық мәслихат депутаттарына және қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерге «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Мерейтойлық медаль Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай тағайындалған. Бұл марапат – ел игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, жоғары кәсіби біліктілігі мен мемлекетке деген адалдығын танытқан азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі.
Қала әкімі марапат иелерін лайықты наградасымен құттықтап, заңнамалық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік институттарды нығайтуға және парламентаризмді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ олардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі алдағы уақытта да ел мүддесіне қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.