​Білім күніндегі жаңа бастама: Шымкентте «Жас сақшы» сыныбы ашылды

0
115

«Жас сақшы» сыныбы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіруге және құқық қорғау саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған.


​Білім күніндегі жаңа бастама: Шымкентте «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Шымкент қаласындағы №12 орта мектепте ішкі істер органдарының құрметті ардагері Құлахмет Халменовтің атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды.

Жаңа арнайы сыныпты полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев салтанатты түрде ашып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

«Білім күні – әрбір бала үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Ал бүгін ашылып отырған «Жас сақшы» сыныбы жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы сыныпта білім алатын оқушылардың болашақта ел қауіпсіздігіне өз үлесін қосатын азаматтар болатынына сенемін», – деді полиция генерал-майоры.
«Жас сақшы» сыныбы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіруге және құқық қорғау саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған. Мұнда жасөспірімдер полиция қызметінің қыр-сырымен танысып, түрлі профилактикалық, танымдық және патриоттық іс-шараларға қатысады.
Бөлісу