АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: мемлекет мұқтаждығына алынатын активтер, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жоспары, қоғамдық көлік саласын дамыту

0
91


АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: мемлекет мұқтаждығына алынатын активтер, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жоспары, қоғамдық көлік саласын дамыту

Бүгін Шымкентте қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекет мұқтаждығына алынатын активтер, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жоспары, қоғамдық көлік саласын дамыту барысы пысықталды.

Жер қатынастары басқармасының басшысы А.Исламов қайтарылған жер учаскелері бойынша баяндады. 2024-2025 жылдар аралығында Шымкент ситиде 10 қаулы қабылданып, тең бағалы жалпы алаңы 12,30 га құрайтын 16 жер учаскесі табысталды. Жыл басынан бері 78,44 га құрайтын 118 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, 7 жер учаскесі сот шешімімен өтемақысыз қайтарылып, шамамен 300 млн.теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделген. Қала басшысы жер қатынастарында заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларды әшкерелеп, жер ресурстарын халық игілігіне тиімді пайдалануда нақты тапсырмалар берді.
Тұрғын үй басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жоспарымен бөлісті. Бүгінде басты көшелерде орналасқан 528 үйдің қасбеті жөндеуді қажет етеді. 2025 жылы 20 тұрғын үйдің қасбеті мен шатырына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. Ғ.Әбдімәжитұлы бұл жұмыстарды заң шеңберінде жүргізіп, бюджет қаражатын тиімді жұмсауда тапсырма берді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Б. Ибрагимов қоғамдық көлік саласын дамытуда кешенді жұмыстарды баяндады. Қазір 82 тұрақты маршрутта күнделікті 984 автобус жолаушыларды тасымалдауда. Биыл 50 жаңа автобус сатып алынған. Оған қоса, жалпы 187 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда. Қала әкімі сала басшысына жолаушыларға жайлы жағдай жасауда, аялдамаларды жаңарту жұмыстарын сапалы атқаруда бірқатар тапсырма берді.
Мәжіліс соңында халықпен кездесулерде көтерілген өзекті мәселелер де пысықталды. Ғ.Сыздықбеков сала басшылары мен аудан әкімдеріне азаматтармен кері байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің заң шеңберінде шұғыл шешілуін қадағалауды тапсырды.
Бөлісу