​«Ниет бұрымы» техникасы армандарды орындайды

0
319

Әлемдегі қаншама адамның өмірін өзгерткен Вадим Зеландтың техникасын сіз де орындап көріңіз!


​«Ниет бұрымы» техникасы армандарды орындайды

сурет: ЖИ

Өмірін өзгертудің жолын іздеп жүрген оқырман, бұл тұрғыда қай авторлардың қанша кітабын оқыдыңыз? Өзін-өзі дамыту, психология мен мотивациялық әдебиеттердің мұхитында адасып жүрсеңіз, сізге өте жеңіл әрі айқын тілмен түсіндіретін автор - Вадим Зеландтың кітаптарын оқуға кеңес береміз.

КСРО ыдырағанға дейін кванттық физика саласында зерттеулермен айналысқан ол - өзін-өзі дамыту мен сананы басқару жүйесінің авторы. Зеланд «Мен ешқандай да уағыздаушы немесе рухани ұстаз (гуру) емеспін, тек өзіме ашылған білімді басқаларға жеткізуші ғанамын» дейді.

Вадим Зеланд кванттық физика ұғымдары мен психологияны ұштастыра отырып, адамның өз өмірін, ойын және тағдырын саналы түрде басқаруына арналған танымал ілімнің негізін қалады. Басты еңбегі - «Трансерфинг реальности» кітаптар сериясы. Бұл ілімнің негізгі идеясы: әлемде болашақтың барлық мүмкін нұсқалары бар, ал адам өз ойы мен энергиясы арқылы өзіне қажетті оқиғалар желісін таңдай алады.

В. Зеландтың кітаптарында супер техника көп. Соның бірі «Тафти жрица» кітабындағы «Ниет бұрымы» (Косица намерения) техникасы армандардың жылдам орындалуына көмектеседі. Оның кітаптарын оқуға мүмкіндік болмаса, осы бір қуатты техникасын жасап көріңіз.

Ниет бұрымы деген не?

Бұрым - бұл желкеден басталып, жауырын арасына дейін созылатын көрінбейтін энергетикалық өрім. Зеланд бойынша екі ниет орталығы бар. Ішкі ниет (маңдайда): Ағымдағы кадрдағы кішігірім өзгерістер үшін. Сыртқы ниет (жауырын арасында, арқада): Мақсаттарды жылдам жүзеге асыратын Ғаламның күші.



Техниканы қалай орындау керек?

  • Денеңізді босаңсытып, терең тыныс алыңыз.
  • Назарыңызды жауырын арасындағы нүктеге аударыңыз (соны сезінуге немесе елестетуге тырысыңыз).
  • Мақсатыңызды елестетіп, өзіңізді сол мақсатқа жеткен бас кейіпкер ретінде көріңіз.
  • Бұрымның ұшын көтеріп, ұшында шам жанып тұрғанын ой көзімен көріп, жарығын жарқыратыңыз. Ол жарық сіздің кеудеңізден шығып, алдыңыздағы мақсат кадрын жарықтандырсын.
  • Мақсатты елестетіп болған соң, назарды бірден босатыңыз (техника 1 минуттан аспауы тиіс). Күніне 5-6 рет орындау ұсынылады.

Вадим Зеланд мұны эзотерикалық («энергия», «мистика», «жарық сәулесі») тілде түсіндірсе де, психология мен нейробиология тұрғысынан бұл өте нақты, ғылыми дәлелденген механизмдерге негізделген.

Бұрым техникасын жасау арқылы адам осы шаққа оралады. Техникада назарды жауырын арасына, арқаға аудару талап етіледі. Психосоматикада реніш, уайым, стресс көбінесе иық пен жауырын аймағына жиналады. Бұрымды «көтеру» және иықты жазу арқылы адам миға «Мен сенімдімін, мен қауіпсіздіктемін» деген физиологиялық сигнал жібереді. Сенімді дене позициясы гормоналды фонды өзгертеді (кортизол азайып, тестостерон/дофамин артады).

Елестету (визуализация) кезінде ми шынайы оқиға мен қиялды ажырата алмайды. Мақсатты айқын елестеткенде мида дофамин (мотивация гормоны) бөлінеді. Ал соңында «назарды босату» - бұл мақсатқа тым жабысып қалмау, яғни гиперопека, фиксациядан арылу.

Вадим Зеландтың «Ниет бұрымы» техникасы - бұл мидың фокусын дұрыс бағыттайтын тиімді психологиялық инструмент. Эзотерикалық тілдегі «Ғалам», «Бұрымның жарығы» деген сөздерді психологиялық терминге аударсақ, бұл денелік қысымды босату, эмоцияны реттеу және өзіңізді позитивті әрекетке бағдарлау.

Кванттық физиканы зерттеуші барлық ғалым айтқандай Зеланд та кез келген техникасында бір орында отырмауға кеңес береді. Яғни, сол мақсатыңызға бір қадам жақындау үшін қандай да бір әрекет жасалу керек. Бұл техниканың жұмыс істеуінің басты шарты. Осыдан соң мүмкіндіктерді, мақсатқа апарар жолды нақты көре бастайсыз. Ары қарай мақсат процеске көшеді.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Өз өміріңнің авторы болуға не кедергі?

НЕГЕ өзгенің өмірін талқылауға БОЛМАЙДЫ?