"Демалыс күні тайып тұрады": жаңа түскен келініне көңілі толмаған ене өзін мазалаған жағдайды айтты

0
271

"Қонаққа шақырылмаса, міндетті түрде анасы шақырып алады"



"Бірақ, күні бойы сабақта болып, демалыс сайын төркініне тайып тұратын келінімнен көрер қызығымның ауылы алыста-ау, шамасы..."

Кейуана келініне қатысты көңілін күпті еткен ойдың бәрін ERNUR.KZ тілшісіне ақтарды.


"Келінім небәрі 18 жасында шаңырағыма келді. Уылжыған жас келінімнің кемшілігі көп еді. Бірақ, оның бәріне сабырлық танытып, білмегенін үйретуден жалықпадым.

Мен де ол секілді 17 жасымда келін атандым. Сонда енем «Жыл толмай төркінге баруға болмайды. Себебі, отаудың оты лаулай түсу керек. Егер бұзылса, ақ төсек суиды, көңілге жел кіреді» деген еді. Мұндай кезде туған бала безбүйрек, қатал болады деп сендірген.

Соны естіген мен төркінге барамын деп дауласудың орнына, отауды жайнатып ұстап, отбасына самаурын қайнатып қойып, келген-кеткенді ашық қабақпен қарсы алуды міндетім деп санадым. Осы әрекетім арқылы келген жеріме әбден бауыр басып, Аллаға шүкір, елдің алғысын алған көргенді келін атандым. Жыл өткен соң күйеуімді, қайынсіңлілерімді ертіп төркінге барып, бір апта қонғаным бар.

Осы дәстүрді білсем де, келінге ондай талап қойған жоқпын. Бірақ әу бастан-ақ, яғни келін болып кірген аптаның аяғында оның туыстары үй көрсін деп шақыртуды бастады. Осылай басталған басқосу соңы апта сайын әдетке айналды. Қонаққа шақырылмаса, міндетті түрде анасы шақырып алады.

Мұның дұрыс еместігін айтсам, құдағиым қызының жастығын алға тартып, араға түседі. Тәтті ауыздың дәмі кетпесін деп лажсыз көнеміз. Бірақ, күні бойы сабақта болып, демалыс сайын төркініне тайып тұратын келінімнен көрер қызығымның ауылы алыста-ау, шамасы..."