Ақпараттар ағымы

Қайрат Боранбаев мемлекетке өз еркімен Comfort Hotel Astana қонақ үйін тапсырды

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.

Өңірлерге бағасы арзандатылған астық жөнелтіле басталды

​Қазақстанға ауыл шаруашылығы жүктерінің импорты 2,1 млн тоннаны құрады.

Қазақстан шахматшысы 2023 жылғы әлем чемпионы атанды

18 жастағы қазақстандық Ксения Балабаеваға 2023 жылғы әлем чемпионатындағы блиц санатында тең келер ешкім болмады.

Павлодарда шұңқыр қазған тұрғын мерт болды

Екі жұмысшы жеке үйде шұңқыр қазу кезінде топырақтың астында қалып қойды.

Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді

Айналма теміржол тармағы және өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жолаушы болатын вокзал ашылмақ.

Қазақстанда киіктерді ату басталады

Министрдің айтуынша, биологиялық негіздеме бойынша 337 мың бас киік реттелуі керек.

Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы қаза болды

Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тобына тапсырды.

ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Білімі бойынша мамандығы – «Өрт қауіпсіздігі».