"Тойға ерте емес пе": Актер Мұрат Бисембиннің қызы қалыңдық атанды

0
94

Өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында той көйлегін киіп күйеу жігітімен түскен суреттерін жариялады.


Фото: instagram.com/jemappelledali

ERNUR.KZ. Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова қалыңдық атанды, деп жазады stan.kz.

Өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында той көйлегін киіп күйеу жігітімен түскен суреттерін жариялады. Ал жазбасына сақина смайлигін қалдырған.

Айта кетейік, Диана Болатованың бұған дейін жарияланған суреттерінен оның сүйіктісі марқұм актермен жеке таныс екенін байқауға болады. Парақшада актер мен күйеу жігіттің бірге жүрген кадрлары көп.

Ал актердің қызының таңдауы – танымал спортшы Мұхаммед Расул. Ол – Қазақстан регби ұлттық құрамасының капитаны.

Алайда кейбір желі қолданушылары актердің қызының қуанышты жаңалығын жылы қабылдай қоймады. Олар актердің өмірден өткеніне бір жыл толмағанын айтып, тойға әлі ерте деп жазып жатыр.

“Әкеңіз жақында қайтты ғой, тойға ерте емес пе?”, “Әкеңіз сіздің бақытты болғаныңызды қалайтын еді”, – деп жазған олар.

Дегенмен пікір жазғандардың көпшілігі жұпқа бақыт тілеп жатыр.

“Бақытты болыңыздар”, “Өте керемет жұп”, “Әкеңіз сіздерге баяғыда-ақ батасын беріп қойған”, “Сіздер үшін қуаныштымыз! Арты той болсын – деген осы”, – деп жазған олар.

Еске салайық, Мұрат Бисембин – қазақстандық актер. Көпшілікке ол ең алдымен "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлімен кеңінен танылды. Сонымен қатар “Ағайынды”, “Томирис”, “Брат или брак” секілді жобаларға түскен. Ол 1972 жылы Қызылордада туған, 2026 жылғы 8 қаңтарда Алматыда қайтыс болды.