​«Немерені тәрбиелемеу керек»: Айгүл Иманбаева қандай әже екенін айтып берді

0
2 232

«Әже болғанда тұрмысқа шықты»


​«Немерені тәрбиелемеу керек»: Айгүл Иманбаева қандай әже екенін айтып берді

Жақында ғана тұрмысқа шыққан әнші, актриса Айгүл Иманбаева немерелі болғанын айтып, желіде жазба жариялады. Өнер иесі немересін жұбатып отырған сәтінен видео салып, өз сезімімен бөлісті.


«Мені сахнада бетін бояп, әдемі көйлегін киіп, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде немере бағып, қасында бесік жырын айып отырамын дей алмаймын. Өйткені ұстаздығым бар, басшылығым бар, бір басымда мың шаруа бар. Дегенмен келгенде немеренің иісін сезіну, қылығын, тәттілігін көру бір бөлек. Әр анаға осындай әже болу жазсын деп айтамын.


Жалпы, келінді тәрбиелеймін, немерені тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн Өз-өзіңізді тәрбиелеңіз! Келін сол көргенін істейді, немере де солай. Жаныңда, жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың, айтарың болса, немере соны көріп өседі. Бар болғаны, немереге махаббатыңды аямай беру керек», - деді Айгүл Иманбаева.


Өнер иесінің жазбасына желі қолданушылары пікір білдірді.


«Немерелі болған ба? Баласының үйленгенін естімедік қой. Бақытты болсын!», «Бәрімізге әже болу бұйырсын», «Немереңіздің бауы берік болсын», «Баян сияқты босанып алды ма деп ойлап қалдым», «Немереңіз көзіңіздің нұры болып өсе берсін», «Әже болғанда күйеуге тиді», «Келініңізді де көрсетіңізші», «Немерелі болғанда күйеуге тидіңіз,, енді өзіңіз балалы болып жатсаңыз ол немереңізге кім болады?» деп жазды көпшілік.


Айта кетейік, Айгүл Иманбаева таяуда ғана Америкада тұратын қазақ азаматына тұрмысқа шыққанын айтқан болатын. Олар алдағы ақпан айында үлкен той жасауды жоспарлап отыр.