Jah Khalib қызының денсаулығына байланысты Қазақстандағы концерттерін өткізбейтін болды

0
83

Ол не себепті Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы концерттері болмайтынын түсіндірді.


Jah Khalib қызының денсаулығына байланысты Қазақстандағы концерттерін өткізбейтін болды

Фото: Instagram/Jah Khalib

ERNUR.KZ. Музыкант Jah Khalib Қазақстан қалаларындағы концерттердің тоқтауына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.

Ол не себепті Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы концерттері болмайтынын түсіндірді.

"Жаңа туған қызымның отадан кейін жағдайы ауыр. Бар жігерімді жинайын десем де, сахнаға шыға алмаймын. Әрине, қазір менің қолдауымды ерекше қажет ететін әйеліммен бірге болуым керек. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын және мүмкіндігінше балаларымыздың дені сау болуы үшін дұға етуіңізді сұраймын", – деп жазды әнші.