"Германияда ота жасаттым": Танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев сүтті шайдың зиянын айтып, дабыл қақты

0
288

Ол сүтті шайдың зиян екенін айтып, Германияда ота жасатқан сәтін есіне алды.


Фото: Жеке парақшадан алынды

ERNUR.KZ. Танымал кәсіпкер, BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев денсаулығына қатысты жазба жариялады, деп жазады stan.kz.

Ол сүтті шайдың зиян екенін айтып, Германияда ота жасатқан сәтін есіне алды.

"Бірнеше жыл бұрын жүгіріп жүргенде менің тізем ауыра бастады. Тексеруден өтсем, буындарыма тұз жиналыпты. Германияда ота жасатып, бәрін тазалаттым. Ғылыми зерттеулер әлемдегі үлкен кісілерге сүттің зиян екенін дәлелдеген. Соның ішінде, Азиядағы қарт кісілердің 90 пайызына сүт ішу зиян болыпты. Мені бұл жаңалық тоқ соққандай, оятып жіберді", – деді ол.

Одан кейін анализдерін тексергенде дәрігердің қойған сұрағы кәсіпкерді қатты таңғалдырған.

"Дакар алдында Еуропадағы тамақтану институттарының біріне бардым. Дәрігер менің анализдерімді тексеріп, сүтті қаншалықты көп ішетінім туралы сұрады. Мен таңертең сүтпен ботқа жейтінімді, сүт қосқан спорттық коктейль мен сүтті шәй ішетінімді айттым. Дәрігер таң қалып, сүттің құрамында лактоза барын ескертті. Оны ересек адамның ағзасы көп жағдайда қорыта алмайды екен. Лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырап, ағзадан толық шығып кетпейді. Галактоза (сүт қышқылы) буындарға жиналып, артрит пен тізеге тұз жиналуына әкеледі. Біздің аталарымыз сүттің зияны туралы білмесе де, біз заманауи зерттеулерді ескеруіміз керек. Бұл туралы жақындарыңызға айтып, ата-апаларға ескертіңіздер", – дейді кәсіпкер.