Zoom-жиналыс кезіндегі шенеунік пен әріптес әйелдің анайы әрекеті видеоға түсіп қалды

0
169

​Олар жұмыстан қуылды.


Zoom-жиналыс кезіндегі шенеунік пен әріптес әйелдің анайы әрекеті видеоға түсіп қалды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Өзбекстанның еңбек және кедейлікті қысқарту министрлігі Самарқандта қызметтік этикаға қайшы жағдайға қатысты ақпаратты растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрліктің мәліметінше, аудандық бөлімнің басшысы zoom арқылы өткен онлайн жиналыс кезінде әріптесін тізесіне отырғызып, кеуда жағынан құшақтап алған. Бұл сәт тікелей эфирде көрініп, бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралған. Өзбекстандықтар жаппай наразылық танытқан соң тиісті органдар видеоға назар аударып, екі адамды да жұмыстан шығарған. Куәгерлердің айтуынша, шенеунік жұмыс жиналысы кезінде камераны сөндіруді ұмытып кеткен көрінеді.

«Мұндай тәртіпке сай келмейтін мінез-құлыққа нөлдік төзімділік қағидасы қолданылады. Ережені бұзғандар міндетті түрде жауапқа тартылады», - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.