Рудный қаласында тариф 1,73%-ке, ал Қашар кентінде 6%-ке төмендетілді.
фото: Пресс-служба премьер-министра Казахстана
ERNUR.KZ. Қостанай облысында Рудный қаласы мен Қашар кентінің тұрғындарына жылу тарифі негізсіз көтерілген, деп жазады sputnik.kz.
"Рудный жылу желілері" кәсіпорны тарифтік сметаның жекелеген баптарын 150 млн теңгеден астам сомаға орындамаған.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті кәсіпорынның қызмет тарифін қайта есептеген.
"Нәтижесінде биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Рудный қаласының 100 мың тұрғыны мен 997 ұйымы үшін жылумен жабдықтау қызметіне уақытша өтемдік тариф енгізілді. Рудный қаласында тариф 177,96 теңгеге, яғни 1,73%-ке төмендетілді, ал Қашарда 6%-ке төмендетілді", - дейді прокуратура.
Заңды бұзған кәсіпорын әкімшілік жауапқа тартылып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде өндірілді.


