Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі

0
94

2025 жылғы 1 қазаннан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді.


Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаның екінші кезеңі әзірленді. Ол Көкарал бөгетін реконструкциялап, теңіздегі су деңгейін көтеруге және су көлемін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазіргі уақытта Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Солтүстік Аралдағы су көлемін 34 млрд текше метрге дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

2025 жылғы 1 қазаннан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді. Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 40 текше метр су ағызылып жатыр. Солтүстік Аралдағы су көлемі – 23,5 млрд текше метр. Өткен жылмен салыстырғанда теңіз суының тұздылығы орта есеппен 10%-ға төмендеп, 7,9 промиллеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңізден 4,2 мың тонна балық ауланды.