Жыл басынан елдегі әуежайлар 20 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті

0
84

2026 жылдың 7 айында Қазақстан әуежайлары 18,2 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, 102 мың тонна жүкті тіркеді.


Жыл басынан елдегі әуежайлар 20 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті

Фото: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері еліміздегі әуежайлардың қызмет көрсетудегі мүмкіндігі қаншалықты артты? Бұл сұраққа Көлік министрлігі жауап берді, деп жазады inform.kz.

— Жыл басынан бері Қазақстанның авиация саласының көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстар оң нәтижесін көрсетіп келеді. Былтыр Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жолаушылар ағынының қарқынды өсуі байқалып отыр. Мәселен, Астана әуежайы алғаш рет бір айда — биылғы шілдеде 1 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті, — деп аталып өткен министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың 7 айында Қазақстан әуежайлары 18,2 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, 102 мың тонна жүкті тіркеді.

— 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының аралығында Қазақстан Республикасының әуе көлігімен 9,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4 пайызға артық, — деп нақтылады ведомство.