Жаңа кабинет «Химиялық өнімдердің органикалық синтезі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге бейімделген.
ERNUR.KZ. Атырауда С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжде студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға арналған жаңа заманауи оқу кабинеті ашылды. Бұл бастама «Жұмысшы мамандық жылы» аясында жүзеге асып, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа кабинет «Химиялық өнімдердің органикалық синтезі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге бейімделген. Оқу орны заманауи халықаралық стандарттарға сай қондырғылармен жабдықталды.
- Зертхана студенттердің тәжірибелік машықтарын жетілдіруге, өндірістік ортаға бейімделуіне зор мүмкіндік береді. Жас мамандар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, заманауи құрылғыларда жұмыс істеуді де үйренеді, - деді әдістемелік кабинет меңгерушісі Қарлығаш Күзембаева.
Сондай-ақ білім орнының мамандары, зертхана студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашатынын айтты.
Айта кетейік, “Жұмысшы мамандық жылы” аясында ашылған жаңа кабинет «Шұғыла» демеушілік және қайырымдылық комитетінің қолдауымен ашылды.